Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:52, 24 Маусым 2024

Үкімет Қостанай облысына 1,3 млрд теңге бөледі

jjj
Фото: ҚР Үкіметі

Үкімет су тасқынынан кейін Қостанай облысында электр беру желілерін қалпына келтіруге 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөледі.

Жөндеу жұмыстары Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелді аудандарында жүргізіледі, бұл жергілікті тұрғындарды тұрақты электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Биыл 27 наурызда өзендер мен су айдындарындағы су деңгейінің бірден көтерілуіне байланысты Қостанай облысының оңтүстік аудандары су астында қалды. Соның салдарынан әуедегі электр желілері мен трансформаторлық қосалқы стансалардың тіректері астындағы топырақ шайылып кетті. Бұл олардың зақымдалуына және 37 елді мекеннің тұрғындарын электрмен жабдықтауды шектеуге әкелді. Техникалық тексеріс қорытындысы бойынша 989 зақымдалған тірек анықталды.

Барлығы 12 мың тұрғын үй (ЖТҚ) және 26 мың саяжай учаскелері су астында қалды. Зақым келген 17 982 үйге тексеру жасалып, 15 685-ін бағалау жұмысы аяқталды. Олардың жартысына жуығы жөндеуді және қалпына келтіруді қажет етеді. Осы мақсаттарға 38,6 млрд теңге бөлініп, 5823 отбасы өтемақы алды.

8 мыңнан астам үй апатты деп танылды. Олар бойынша азаматтардың талап-тілегіне байланысты залалды өтеудің 2 нұсқасы қарастырылған: қайталама нарықта пәтер немесе үй сатып алу; үй салып беру.

Тегтер: