Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:46, 02 Тамыз 2024

Үкімет жарты жылда 98 мың адамның тұрақты жұмыспен қамтылғанын айтты

ы
Фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметі жарты жылда 98 мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылғанын айтты.

315 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтуды белсенді қолдау шараларымен қамтылған. 231 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылса, оның 98 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орнына ие болды, делінген Үкімет хабарламасында.

Сонымен қатар, 36 мыңнан астам жұмыссыз азамат онлайн-оқытудан өтіп, оның 33 мыңға жуығы курстарын аяқтаған. Ал, «Бастау Бизнес» жобасы 38 мың адамды қамтып, әлеуметтік кәсіпкерлер үшін 4 мыңнан астам грант берілді.

2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес еңбек нарығын дамыту бойынша жаңа шаралар іске асырылды, 200 мыңға жуық сапалы жаңа жұмыс орны ашылды.