Үкімет жыл соңына дейін 17,4 мың тұрақты жұмыс орны ашылатынын айтты
ҚР Үкіметі жыл басынан бері Қазақстан бойынша 570 млрд теңгеге 40 жаңа жоба іске қосылып, 6,9 мың тұрақты жұмыс орны ашылғанын мәлімдеді.
2024 жылдың соңына дейін шамамен 1,4 трлн теңгеге 180 жобаны іске қосу және шамамен 17,4 мың тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда, делінген Үкімет хабарламасында.
Оның ішінде келесі негізгі жобалар бойынша:
● «EkibastuzFerroAlloys» ЖШС, Павлодар облысында 800 жұмыс орнына арналған ферроқорытпа зауыты, инвестиция көлемі 92,4 млрд теңгені, жобалық қуаты — жылына 240 мың тонна ферросилицийді құрайды;
● «KamLitKZ» ЖШС, Қостанай облысындағы жүк көліктерінің қосалқы бөлшектерін шойын құю арқылы өндіретін зауыт, инвестициялар көлемі – 78,2 млрд теңге, 360 жұмыс орны, нақты мәніндегі жобалық қуаты – жылына 45 мың тонна;
● «Жетісу Вольфрамы» ЖШС, Алматы облысындағы «Бұғыты» вольфрам кен орнын өнеркәсіптік игеру, инвестициялар көлемі – 135 млрд теңге, 350 жұмыс орны, жылына 3,3 млн тоннадан кен өндіру және өңдеу, жылына 10 мың тонна концентрат, WO3 концентраты – 65%;
● «ТехноНИКОЛЬ-КАЗАХСТАН» ЖШС, Алматы облысындағы жылу оқшаулағыш материалдар өндіретін зауыт, инвестициялар көлемі – 43,9 млрд теңге, 220 жұмыс орны, жылына 1,4 млн текше метр мақта тас және жылына 400 мың текше метр полимерлі оқшаулау;
● «Пружина» ғылыми-өндірістік фирмасы» ЖШС, теміржол жылжымалы құрамы серіппелерін өндіретін зауыт, инвестиция көлемі – 1,1 млрд теңге, 51 жұмыс орны, нақты мәніндегі жобалық қуаты – жылына 298,5 мың дана.
Барлық жобалар толық қуатына шыққанда, олардың өндіріс көлемі шамамен 1,8 трлн теңгені құрайтын болады, оның ішінде экспортқа – 0,4 трлн теңге, импортты алмастыру – 1,4 трлн теңге.