Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:53

 Украина АҚШ қолдауы тоқтауы мүмкін деген қауіппен дайындыққа кірісті

Украина және Ресей
Фото: azh.kz

Украина билігі АҚШ тарапынан әскери және саяси қолдаудың тоқтау ықтималдығына байланысты ең ауыр сценарийге дайындалуда. Бұл туралы немістің Bild басылымы Украина үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Дереккөздің жазуынша, Украина ресми өкілдері АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған бейбіт келісім шарттарынан үміт үзген, тіпті оларды қабылдауға болмайды деп есептейді.

«Бізге қағаз бетінде ұсынылып жатқан, иек қағып көрсетілген шарттарды қабылдай алмаймыз. Бұл — тікелей берілу. Үкімет келіссе де, халық қарсы шығады», — деді Украина үкіметіндегі дереккөз.

Bild-тің хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский 26 сәуірде Римде өтетін Рим Папасы Францискпен қоштасу рәсімі кезінде Дональд Трамппен жеке кездесуі мүмкін. Бұл кездесу екіжақты позицияны нақтылауға ықпал етуі мүмкін.

АҚШ Ресейге қысым көрсетпей отыр ма?

Украиналық дипломаттардың айтуынша, Киев Трамп ұсынған келісімді "келіссөз тактикасы" ретінде қабылдайды. Алайда, Трамп әкімшілігі Ресейге нақты қысым көрсетіп жатпағаны алаңдаушылық тудырып отыр.

Bloomberg-тің жазуынша, АҚШ бейбіт келісімге қол жеткізу үшін екі тараптың да ымыраға келуін қалайды. Оның ішінде Украинадан НАТО-ға қосылу ниетінен бас тарту және Ресейден Украина армиясының егемендігін мойындау сияқты талаптар бар.

АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Ресей президенті Владимир Путиннің келесі кездесуі кезінде бұл талаптар күн тәртібіне қойылады. Егер Ресей Украина армиясына қатысты құқықты мойындаса, бұл Кремль үшін "демилитаризация" мақсатын әлсірету болады.

Тегтер: