Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:15

Украина АҚШ-пен келіссөздердің соңғы кезеңіне жеткенін жариялады

1
Фото: из открытых источников

Украина мен АҚШ тау-кен келісімі бойынша келіссөздердің соңғы сатысында. Бұл туралы Украина премьер-министрінің орынбасары Ольга Стефанишина хабарлады.

Вице-премьердің айтуынша, украиналық және америкалық командалар келісімді талқылаудың соңғы кезеңіне жетті және барлық дерлік негізгі детальдар келісілген.

"Келіссөздер өте сындарлы өтті. Біз АҚШ пен Украина басшылары келісімге Вашингтонда тез арада қол қойып, бекіте алады деп үміттенеміз", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украина ресурстарын АҚШ-қа көрсетілген және көрсетіліп жатқан барлық көмек үшін өтемақы ретінде пайдалануға шақырған болатын. Алайда Украина басшысы Владимир Зеленский келісімге қол қоюдан бас тартты.

Тегтер: