Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:41, 10 Қаңтар 2024

Украина әскері Белгородқа тағы шабуыл жасады

Белгород
Фото: из открытых источников

Украина Қарулы күштері тағы да Ресейдің Белгород облысын атқылады, салдарынан үш адам ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Zhasalash.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладковтың айтуынша, Украина әскері өңірдің үш ауданы мен облыс орталығын 35 снарядпен атқылаған. Бұған дейін атқылаудан Журавлевка, Нехотеевка, Разумное, Дубовское, Стрелецкий, Тавровский, Крутологский селолары мен Белгород қаласындағы үйлер қирап, 15 автокөлік жанып кеткен.

Украина желтоқсан айының соңынан бері Ресейдің атқылауларына жауап қайтарып келеді. Украина Қарулы күштерінің 30 желтоқсандағы шабуылынан Белгородта 25 адам қаза тауып, 100-ден аса адам зардап шекті.

2 қаңтарда жасалған шабуылда бір адам ғана көз жұмған. Осыған байланысты Белгород облысының тұрғындары губернатордан балалардың өміріне алаңдап, басқа облыстарға көшіру туралы ұсыныс айтқан. Облыс басшысы оларды Липецк, Тула мен Пенза облыстарына көшіруге уәде берген. Ал Украина әскері болса, шабуылды одан әрі жалғастыратынын мәлімдеді.