Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:47

Украина билігі Купянск маңындағы 40 ауылды эвакуациялайды

Украина
Фото: Hanna Sokolova-Stekh/DW

Украина билігі Купянск қаласы маңындағы 40 елді мекеннен балалар мен отбасыларды шұғыл эвакуациялауды бастады. Бұл шешім аймақтағы жағдайдың күрт ушығуымен және қарулы қақтығыстардың күшеюіне байланысты.

601 бала мен 400-ден астам отбасы көшіріледі

Харьков облысының әскери әкімшілігі басшысы Олег Синегубов 14 қазан күні Telegram-арнасы арқылы хабарлағандай, эвакуация шешімі облыстық қорғаныс кеңесінің отырысында қабылданған.

«Купянск ауданында қауіп күшейді. Сондықтан балалар бар отбасыларды қауіпсіз аймақтарға көшіру туралы шешім қабылданды», - деді ол.

Жалпы 409 отбасы мен 601 бала қауіпсіз өңірлерге эвакуацияланады.

Синегубовтың айтуынша, эвакуациялық бағыттар мен уақытша орналастыру орындары алдын ала белгіленген. Эвакуацияланғандарға уақытша қоныс аударған тұлға мәртебесі беріледі және әлеуметтік төлемдер мен гуманитарлық көмекке қол жеткізе алады.

Купянск маңындағы жағдай

Купянск қаласында 2022 жылғы 24 ақпанда басталған соғыстың алғашқы айларында шамамен 27 мың адам тұрған. Қала маңындағы ауылдарды қоса есептегенде бұл сан 56 мың тұрғынға жеткен.

2022 жылғы 27 ақпанда Ресей әскері Купянскіні басып алған, алайда сол жылдың қыркүйегінде Украина қарулы күштері қаланы қайта бақылауға алған болатын.

Бірақ 2023 жылдың жазынан бастап қала маңында қайтадан ауыр шайқастар басталды. Бір жылдан кейін эвакуация жарияланып, 2025 жылғы ақпанда Купянск қалалық әскери әкімшілігінің басшысы Андрей Беседин қаланың жағдайын «қауіпті» деп атады. Ол кезде қалада шамамен 3,1 мың адам ғана қалған еді.

2025 жылғы қыркүйекте Купянскке азаматтық тұлғалардың кіруіне тыйым салынған.

Ресей қорғаныс министрлігі бірнеше күн бұрын өз мәлімдемесінде қаланың үштен екі бөлігін бақылауда ұстап отырғанын хабарлаған.

DeepState жобасының картасына сәйкес,

  • қаланың оңтүстік және шығыс аудандары – Украина армиясының бақылауында,

  • орталық пен солтүстік-батыс бөлігі – «сұр аймақ», яғни ауыр ұрыстар жүріп жатқан жер,

  • ал солтүстік аудандар – Ресей күштерінің бақылауында.

Тегтер: