Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:46

Украина БҰҰ Бас хатшысы Гутерриштің БРИКС саммитіне қатысуын сынға алды

ч
Фото: Reuters
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш БРИКС саммитіне қатысу үшін Қазанға келді. Бұған дейін Украина бұл сапар БҰҰ-ның беделіне нұқсан келтіретінін айтқан.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазанға Владимир Путин, Қытай басшысы Си Цзиньпин және Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қатысып жатқан БРИКС елдері басшыларының саммитіне келді.

Бұған дейін Украина Гутерриштің Қазан саммитіне қатысу шешімін «БҰҰ-ның беделіне нұқсан келтіреді» деп қатаң сынға алған.

«БҰҰ Бас хатшысы Украинаның Швейцариядағы бірінші жаһандық бейбітшілік саммитіне шақыруын қабылдамады. Бірақ сол кезде ол әскери қылмыскер Путиннің Қазандағы саммитке шақыруын қабыл алды. Бұл бейбітшілік ісіне көмектеспейтін қате таңдау», - делінген Украина СІМ X желісінде (бұрынғы Twitter) жарияланған мәлімдемеде.

Сапар қарсаңында Гутерриштің ресми өкілі БҰҰ Бас хатшысының бейсенбі күні Путинмен кездесіп, Украинадағы соғысты тоқтату жолдарын талқылауға ниетті екенін айтты.

Тегтер: