Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:10

Украина дрондары алғаш рет Ресейдің 2 мың шақырым қашықтағы аумағына соққы жасады

1
Фото: Telegram / komivkomi

  Ауқымды соғыс басталғалы бері алғаш рет Ресейдің Коми Республикасы Украина дрондарының шабуылына ұшырады.

Украина шекарасынан шамамен 2 мың шақырым қашықтықтағы Ухта қаласында дрондар шабуылы қаупі жарияланған.

Telegram-арналардың хабарлауынша, дрондар жергілікті мұнай өңдеу зауытына бағытталған. «День» ақпараттық бағдарламасында: «МӨЗ аумағында дрон құлады. Мұнай өңдеу зауытында өрт шыққан жоқ», – деп мәлімдеген.

Шабуылдан кейін Ухтадағы «Ярмарка» сауда орталығы мен жақын маңдағы мұнай өңдеу зауыты эвакуацияланған. Украинадағы Supernova+ Telegram-арнасы нысанаға «Лукойл-Ухтанефтепереработка» мұнай өңдеу зауыты алынғанын хабарлады.

Сонымен қатар, Ухта тұрғындары мобильді интернеттің жұмысы үзіліп қалғанын айтқан. Байланыс мәселелері Сыктывкарда да тіркелді. Ухта әуежайында ұшақтарды қабылдау және ұшыру уақытша шектелгенін Росавиация өкілі Артем Кореняко растады.

Коми Республикасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ростислав Голдштейннің сөзінше, дрондардың құлауынан зардап шеккендер жоқ.

Бұл — Украина дрондарының Ресейдің мұншалық алыс қашықтықтағы нысанасына алғаш рет соққы жасауы болып отыр.

Тегтер: