Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:18, 02 Қаңтар 2025

Украина дрондарының шабуылы кезінде Ресейдің бес әуежайы жабылды

Дрон
Фото: Sofiia Gatilova/REUTERS

1 қаңтар күні кешке Ресейдің бес әуежайы «қауіпсіздік мақсатында» жабылды. Себебі Ресейге Украинаның дрондары шабуыл жасаған.

Сәрсенбі, 1 қаңтар күні кешке Ресейдің бес әуежайы қауіпсіздік мақсатында жабылды. Бұл туралы Федералды әуе көлігі агенттігінің (Росавиация) баспасөз хатшысы Артем Кореняко хабарлады.

Дрондардың шабуылына байланысты әуежайлар жабылды

«Азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бүгін кешке бес әуежайда уақытша шектеулер енгізілді», - деп жазды ол Telegram-да.

Кореняконың айтуынша, Калуга, Пенза, Саранск, Саратов және Ульяновск әуежайлары рейстерді қабылдамайды және жібермейді. Бір сағаттан кейін ол Калугадағы шектеулердің жойылатынын хабарлады.

Шенеуніктер әуежайлардың уақытша жабылуының нақты себебін айтқан жоқ. Бірақ сәрсенбі күні кешке Ресей Қорғаныс министрлігі Орталық Ресейдің бірнеше аймақтарында: Белгород, Курск, Воронеж, Брянск, Ростов, Тула және Орел облыстарында украиндық пилотсыз ұшақтардың жойылғанын хабарлады.

Ростов облысының басшысы Юрий Слюсарь аймақтың үстінде бес дрон атып түсірілгенін хабарлады. Дрон шабуылы туралы Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков та хабарлады.

Тегтер: