Украина Қара теңіз үстінде Ресейдің Су-30 ұшағын атып түсірді

2025 жылдың 2 мамырында Украина Қарулы күштері Қара теңіз үстінде Ресейдің Су-30 әскери ұшағын атып түсірді. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігіне қарасты Бас барлау басқармасы (ГРУ) хабарлады.
Шабуылдың ерекшелігі – алғаш рет соғыс ұшағын теңіз дроны жойғаны.
ГРУ мәліметінше, шабуылды Украина жасаған Magura әскери-теңіз дроны Р-73 «әуе-әуе» ракетасымен іске асырған. Шабуыл нәтижесінде шамамен 50 миллион доллар тұратын ұшақ жанып, теңізге құлаған.
«Бұндай оқиға әлемде бірінші рет тіркеліп отыр – әскери жойғышты теңіз дроны жойды», – делінген украин арнайы қызметінің мәлімдемесінде.
Ресей Қорғаныс министрлігі бұл оқиғаға ресми пікір білдірмегенімен, бірнеше ресейшіл Telegram арналары фактіге растама берген.
Айта кетейік, Р-73 – КСРО кезінде жасалған, аса маневрлікке ие ракета. Бастапқыда тек жойғыш ұшақтардан ұшыруға арналған болатын. Алайда кейіннен бұл зымырандар құрлықтағы және теңіздегі платформалардан ұшыруға бейімделген. Украина бұл ракеталарды жаңғыртып, қайта жарақтандыру жұмыстарын соғыс басталмай тұрып қолға алған. 2023 жылдың желтоқсанында осындай жүйе арқылы Ресейдің екі Ми-8 тікұшағы жойылған болатын.
Бұл оқиға дрондардың соғыс тактикасындағы орнын түбегейлі өзгерткен жаңа кезеңнің басы болуы мүмкін.