Украина қарулы күштері Курск облысындағы негізгі миссиясын аяқтады – Зеленский

Украина президенті украин әскеріінң басты міндеті орыс әскерлерінің назарын Покровск, Харьков, Сумы бағыттарынан бұру екенін атап өтті.
Украина Қарулы Күштері (ҚКК) Курск облысында өздерінің негізгі міндетін орындады. Оның міндеті Ресей әскерін майданның басқа аудандарынан бұру болған. Бұл туралы Владимир Зеленский мәлімдеді.
Украина президенті Курск облысындағы жағдайдың «өте күрделі» екенін мойындады.
Украина президентінің айтуынша, қазір Покровск және Харьков облыстарындағы жағдай тұрақталды.
«Біздің әскер өз миссиясын орындады деп ойлаймын. Қазір Покровск бағытында жағдай тұрақты, менің ойымша, оған шабуыл жасаудың басқа мүмкіндігін табу оңай болмайды», - деді Зеленский.
Украина 2024 жылдың тамызында Курсктағы бірнеше елді мекенді басып алды. Наурыздың басынан бері Ресей әскерлері 20-дан астам елді мекенді қайтарып алды. Сонымен бірге, Ресей үкіметі Курск аймағындағы украин әскерлерінің қоршауға алынғанын алға тартып отыр. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп та мәлімдеді. Украина Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Бас штабы бұл хабарлардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Ал, Ресей Трамптың өтініші бойынша Курск аймағындағы украиндық сарбаздардың өмірін сақтап қалуға дайын екенін, бірақ егер Киев оларға берілсін деп бұйырық берсе ғана екенін айтты.