Украина Каспий құбыр консорциумының мұнай құбырына соққы жасады

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Краснодар өлкесіндегі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Кропоткинский мұнай айдау станциясынан жеті шақырым жерде украиналық ұшқышсыз ұшу аппараты табылған.
Дрон сынықтары Кавказская вокзалы аумағына құлады.
«17 ақпанда Украинаның Кропоткинская мұнай айдау стансасына (ол арқылы қазақ мұнайы тасымалданады – ред) шабуыл жасалған болатын. Соның салдарынан нысан зақымданып, жөндеуге берілді», деп еске алды Қорғаныс министрлігі.
Тағы бір шабуыл 19 наурызда, Трамп пен Путин Украинаның энергетикалық жүйесіне шабуылдарды тоқтату туралы келісімінен бірнеше сағат өткен соң болды.
Қазір екіжақты келісім бойынша өмірлік маңызы бар нысандарға шабуыл жасау 30 күнге тоқтатылды. Украина президенті бұл ұсынысты қолдады.