Украина Каспий теңізіндегі ресейлік бұрғылау нысандарына соққы жасалғанын хабарлады
Украина қарулы күштерінің Бас штабы Каспий теңізінде ресейлік «Лукойл» компаниясына тиесілі үш бұрғылау қондырғысына шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Әскери ведомствоның ақпаратынша, бұл нысандар Ресей армиясының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін пайдаланылған.
Бас штабтың хабарлауынша, шабуыл салдарынан келген шығын көлемі қазір нақтыланып жатыр. Мәлімдемеде соққы қандай қару немесе құрал арқылы жасалғаны нақты көрсетілмеген. Сондай-ақ аталған ақпаратты тәуелсіз дереккөздер арқылы растау әзірге мүмкін болмай отыр.
Айта кетейік, бұған дейін, 2025 жылғы 14 желтоқсанда Украина қарулы күштерінің Бас штабы Каспий теңізіндегі Ресейдің мұнай инфрақұрылымына дронмен шабуыл жасалғанын хабарлаған болатын. Ол кезде Грайфер атындағы мұнай-газ кен орнында орналасқан бұрғылау қондырғысы нысанаға алынғаны айтылған. Сол шабуылдың салдарынан тәулігіне жалпы 3 500 тонна өнім беретін 14 мұнай ұңғымасының жұмысы толықтай тоқтағаны мәлім етілген.
Ал 2025 жылғы 20 желтоқсанда украиналық әскери басшылық Филановский атындағы тағы бір кен орнындағы бұрғылау қондырғысына шабуыл жасалғанын хабарлаған еді.
Қазіргі таңда Каспий аймағындағы жағдайға қатысты ресейлік тарап әзірге ресми пікір білдірген жоқ.