Украина Қауіпсіздік қызметінің басшысы қызметінен кету туралы өтініш берді
Украина Қауіпсіздік қызметінің (СБУ) басшысы Василий Малюк қызметінен кету туралы өтініш жазды.
Бұл туралы әлеуметтік желілерде осы арнайы қызметте бұрын жұмыс істеген журналист Станислав Речинский хабарлады.
«Малюкты қыспаққа алды, ол арыз жазды», - деп жазды Речинский.
Оның айтуынша, СБУ басшылығына екі үміткер қарастырылып отыр: қызмет басшысының орынбасары Александр Поклад және «А» арнайы операциялар орталығының жетекшісі Евгений Хмара.
Украина бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, бірқатар жоғары лауазымды әскери тұлғалар Малюкты қызметтен босатуға қарсы шыққан.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Бас барлау басқармасының (ГУР) басшысы Кирилл Будановқа президент кеңсесін басқару қызметін ұсынғаны, ал Будановтың бұл ұсынысқа келісім бергені хабарланған еді.
Сондай-ақ 2025 жылғы 28 қарашада Украина президенті кеңсесінің бұрынғы басшысы Андрей Ермакқа қатысты тінту жұмыстары басталғаны белгілі болды. Мәліметке сәйкес, тергеу әрекеттері тиісті рұқсатпен жүргізіліп, қылмыстық іс аясында өткен.
Қазіргі таңда Василий Малюктің отставкасына қатысты ресми органдар тарапынан егжей-тегжейлі түсініктеме берілген жоқ.