Украина Қазанға шабуыл жасады
21 желтоқсан күні таңертең Қазан үстінде украиналық камикадзе пилотсыз ұшақтарының шабуылы байқалды. Татарстан билігінің мәліметінше, 6 пилотсыз ұшақ қаладағы көпқабатты үйлерді соққан. 2 дрон қаладағы ең үлкен 37 қабатты тұрғын үйге соғылып, нәтижесінде өрт шықты. Қазанда әуежай жабылды, қаладағы барлық қоғамдық іс-шаралар тоқтатылды.
21 желтоқсанда украиналық камикадзе пилотсыз ұшақтары Татарстан астанасы Қазан қаласына шабуыл жасады. Татарстан үкіметінің мәліметі бойынша, қаладағы нысандарға жалпы 8 пилотсыз ұшақ соққы берген. Оның 6-уы тұрғын үйлерге, біреуі өнеркәсіптік кәсіпорынға, біреуі өзенге құлаған.
Жергілікті басылымдардың жазуынша, ең көп шығын Қазан қаласының орталығындағы 37 қабатты тұрғын үйге тиген пилотсыз ұшақтан болған. 2 пилотсыз ұшақ жарты сағат аралығымен ғимаратқа соққы берген. Ғимаратта өрт шығып, оқиға орнына арнайы қызмет келген, тұрғындар эвакуацияланған.
Қазандағы тағы бір көпқабатты тұрғын үй мен тағы бір 4 қабатты үйдің шатырына дрон соғылды. Олардың барлығында өрт шыққан.
Украинадан Қазанға дейінгі қашықтық мың шақырымдай. Пилотсыз ұшақтар әдетте Татарстан аумағына сирек жетеді.
Бастапқыда Ресей Қорғаныс министрлігі Татарстанның үстіндегі барлық пилотсыз ұшатын аппараттардың атып түсірілгенін хабарлады. Кейін әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері жұмыс істей бастады.
Қазан әуежайы уақытша жабылды, қала бойынша сиреналар қосылған.
Татарстан басшысы Рустам Минниханов «Лазурных небес» тұрғын үйіне келді, шенеуніктер шабуыл салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ деп отыр.
Елдің төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындардан дабыл кезінде тыныштық сақтауды, метроға, бірінші қабатқа немесе ғимараттардың жертөлесіне шығуды сұрады.
Қауіпсіздік мақсатында алдағы 2 күнде Қазан қаласындағы барлық қоғамдық іс-шаралар тоқтатылды. Жергілікті билік тұрғындардан түсірілген бейнелерді әлеуметтік желіде таратпауды сұрады.