Украина Курск облысында басып алған аумақтарының 40 пайыздан астамынан айырылды — Reuters
Украина қарулы күштері Ресейдің Курск облысында тамыз айындағы шабуылы кезінде басып алған территориясының 40 пайыздан астамын ресейліктердің қарсы шабуылынан жоғалтты.
Бұл туралы Украина Бас штабындағы дереккөзге сілтеме жасап Reuters хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, Украина әскері Курскіге кіргеннен бері Ресей бұл майданға 59 мың әскер жіберген.
Басылым, сонымен қатар Курск аймағына Солтүстік Кореяның 11 мың сарбазы келгенін, бірақ олардың көпшілігі әлі де дайындықтан өтіп жатқанын атап жазды.
Reuters сұхбат берушісінің айтуынша, тамыз айында Украина қарулы күштері Курск облысындағы 1300 шаршы шақырымнан астам аумақты басып алған, қазір 800 шаршы шақырымдай аумақты бақылауда.
Агенттік бұл мәліметтерді өз бетінше тексере алмайтынын мәлімдеді. Ресей Қорғаныс министрлігі бұл өтінішке жауап бермедген.
Айта кетейік, Путин Украина қарулы күштері басып алған Курск облысын 2025 жылдың 20 қаңтарында Дональд Трамптың АҚШ-тың 47-ші президенті ретінде ұлықтау рәсіміне дейін Ресейдің бақылауына қайтарғысы келеді.
The New York Times газетінің хабарлауынша, Ресей мен Солтүстік Кореяның 50 мың әскері Курск аймағында қарсы шабуылға дайындалып жатыр. Оңтүстік Корея, АҚШ және Украинаның бағалауы бойынша Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін КХДР-дан Ресей Федерациясы 8 мыңнан 12 мыңға дейін жауынгер әкелген.