Украина Курсктегі елді мекенге зымыранмен соққы жасады
Украина қарулы күштерінің мәліметінше, соққылар Ресей Федерациясының 810-теңіз жаяу әскері бригадасының командалық пункті мен базасына бағытталған. Курск облысының губернаторының міндетін атқарушы азаматтық нысандар зардап шеккенін айтты.
Украина қарулы күштері Ресейдің Курск облысы Марино ауылындағы ресейлік әскерилердің командалық пунктіне шабуыл жасады.
«Бұл шабуылдар, ең алдымен, Ресей Федерациясының Украинаның бейбіт тұрғындарына қарсы әрекеттерді жүзеге асыру қабілеті мен ұмтылысын әлсіретуге бағытталған», - деп хабарлады Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы.
Украина ерікті армиясының өкілі Сергей Братчук Мариноға жақын орналасқан Ивановское ауылы зардап шеккенін мәлімдеді. Оның айтуынша, «ол жерде Ресей Федерациясының 810-теңіз жаяу әскері бригадасы орналасқан.
Украина Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жанындағы Дезинформацияға қарсы орталықтың басшысы Андрей Коваленко соққы салдарынан «Ресей Федерациясының 810-бригадасы үлкен шығынға ұшырады» деп мәлімдеді.
Курск облысы губернаторының міндетін атқарушы Александр Гинштейн Ивановскоедағы шабуылдың салдарынан азаматтық нысандар, соның ішінде Мәдениет үйінің ғимараты зардап шеккенін айтты. Мектеп-интернаттың, пошта бөлімшесі мен сауда үйінің қабырғалары қатты зақымданып, терезелері сынған. Сонымен қатар, Гинштейн «газ құбырының бір бөлігінде шағын апат болды» деді.
Жергілікті тұрғындардан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.