Бүгін, 13:41
Украина өз жерлерін толықтай қайтарып ала алады

Трамп Truth Social желісінде осындай мәлімдеме жасады.
Ол бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездескен болатын. Трамптың айтуынша, Еуропалық Одақтың қолдауымен Украина бұрынғы шекарасына ғана емес, одан да үлкен нәтижелерге жете алады.
«Ресей бұл мағынасыз соғысты 3,5 жылдан бері жалғастырып келеді. Нағыз әскери держава мұндай соғысты бір аптада-ақ тоқтатар еді. Бұл Ресейге абырой алып келмей отыр», - деді ол.
Сондай-ақ Ақ үй басшысы Путин мен Ресейдің экономикалық қиындықтарға тап болғанын атап өтті.
«Әйтсе де мен екі елге де жақсылық тілеймін. НАТО-ға қару жеткізуді жалғастырамыз, ал оны қалай пайдалану — НАТО-ның өз еркінде. Баршаңызға сәттілік тілеймін!», - деп жазды Трамп.