Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:54

Украина президенті кеңсесі басшысы Андрей Ермактың үйінде тінту жүргізілді 

Ермак
Фото: Reuters

Украинаның Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы (НАБУ) мен Арнайы антикоррупциялық прокуратурасы (САП) президент Владимир Зеленскийдің кеңсесін басқаратын Андрей Ермактың үйінде тінту жүргізіп жатыр. 

Ермак өзі тергеушілерге ешқандай кедергі жоқ екенін мәлімдеді.

28 қараша күні НАБУ мен САП Telegram арналарында Ермакқа қатысты тергеу аясында санкцияланған тергеу әрекеттері жүріп жатқанын хабарлады.

«Тінту заң шеңберінде жүргізілуде. Толық ақпарат кейінірек беріледі», - делінген хабарламада.

Тінту фактісін Андрей Ермактың өзі растады.

«Бүгін НАБУ мен САП шынымен де менің үйімде процессуалдық әрекеттер жүргізіп жатыр. Тергеушілерге ешқандай кедергі жоқ», - деп жазды ол Telegram-да.

Оның айтуынша:

пәтерді тінтуге толық мүмкіндік берілген,

оқиға орнында оның адвокаттары бар,

өзі құқық қорғау органдарымен толық ынтымақтасып отыр.

Тінту үкіметтік кварталда өтіп жатыр

«Украинская правда» дерегінше, тінту Киевтің үкіметтік кварталында жүріп жатыр. Оқиға орнына НАБУ мен САП-тың шамамен 10 қызметкері кірген.

Ал «Евросолидарность» партиясының депутаты Алексей Гончаренко:

«НАБУ Ермакты күдікті етуге дайындалып жатыр», — деген мәлімдеме жасады.

Зеленский Ермакты отставкаға жіберуден бас тартқан

Бұған дейін президент Зеленский «Энергоатом» төңірегіндегі жемқорлық жанжалына қарамастан, Ермакты қызметтен босатудан бас тартқан еді.

20 қарашада өткен кездесуде «Слуга народа» фракциясының депутаттары Зеленскийден Ермак пен өзге де шенеуніктерді қызметтен алу туралы сұраған. Алайда президент:

кадр мәселесі — президенттің құзыреті және Ермактың отставкасы болмайтынын ашық айтқан.

Рада депутаты Ярослав Железняк 28 қарашада Зеленскийге үндеу жасап:

«Сіз қазір қалам алып, бір ғана қол қоюыңыз керек», - деп жазды.

«Энергоатом» айналасындағы коррупциялық дау

10 қарашада НАБУ мен САП «Энергоатом» мемлекеттік компаниясына қатысты ірі жемқорлық схемасын ашқанын мәлімдеген. Тергеу деректеріне сәйкес:

Дауға қазіргі үкіметтің бірқатар министрлері,

Зеленскийдің серігі Тимур Миндич,

қаржыгер Александр Цукерман

қатысы бар.

Осы күні құзырлы орган Миндичтің үйінде, «Энергоатомда» және Украина әділет министрі Герман Галущенконың кабинетінде тінту жүргізді. Миндич тергеу басталардан бұрын елден кетіп қалған.

12 қарашада Зеленский әділет министрі Галущенконы, энергетика министрі Светлана Гринчукті қызметтен босатуды талап етті. 19 қарашада Жоғарғы Рада екі министрдің отставкасын мақұлдады.

Тимур Миндич пен Александр Цукерманға Зеленскийдің жарлығымен санкциялар енгізілді.

Тегтер: