Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:41

Украина Ресейден соғыстың табиғатқа тигізген залдары үшін 44 млрд доллар талап етті

Павел Карташов
Фото: ашық дереккөз

Украина Ресейден соғыстың табиғатқа тигізген залдары үшін 44 млрд доллар талап етті.

Украина экономика, қоршаған орта және ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Павел Карташовтың айтуынша, соғыс барысында болған жойқын жарылыс пен өрттің салдарынан ормандар оталып, су мен жерлер уланған.

Мамандар соғыс басталғаннан бері шамамен 237 миллион тонна шығарындылар түскенін мәлімдеді. Бұл көрсеткіш Ирландия, Бельгия және Австрияның жылдық шығарындыларына тең. Зиянды газдан қоғамға келтірілген залалдың бағасы тоннасына шамамен 185 доллар деп есептелген.

Украина Еуропа Кеңесі белгілеген жаңа өтемақы механизмі арқылы талап қоюға дайындалып жатыр. Бұл мақсатта шамамен 70 мың арыз берілген. Өтемақының қайдан алынатыны әзірге белгісіз, алайда Еуропалық Одақ Ресейдің бұғатталған активтерін миллиардтаған доллар көлемінде пайдалануға болатынын мәлімдеген.

«Соғыс құрбаны көп, мыңдаған адам қаза тапты, бірақ сонымен бірге біздің табиғатымыз бен экожүйеміз де үнсіз құрбан болды. Суымызға, жерге, ормандарға айтарлықтай зиян келтірілді, сонымен қатар көмірқышқыл газдары мен парниктік газдардың көп мөлшері пайда болды», – деді Павел Карташов.

Тегтер: