Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:43

Украина Ресейдің екі бірдей жойғыш ұшағы зақымдалғанын мәлімдеді

1
Фото: скриншот

Украина 20-21 желтоқсан аралығында, Липецк қаласы маңындағы ресейлік әскери әуежайда Су-30 және Су-27 ұшақтарын жойғанын хабарлады.

Бұл туралы Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы (ГУР) хабарлап, операцияның видеосын жариялады.

ГУР мәліметінше, арнайы операция екі апта бойы жоспарланған, ал оны тікелей қарсыласу қозғалысының өкілі жүзеге асырған. Әуежайдағы өрт салдарынан Ресейдің екі әскери ұшағы толықтай жарамсыз күйге түскен.

Зардап шеккен «12» және «82» борт нөмірлі жойғыштардың құны 100 млн АҚШ долларына дейін бағаланады. Бұл ұшақтарды Ресей Украинаға қарсы соғыста пайдаланғаны айтылады.

Арнайы операцияны орындау үшін патрульдеу бағыттары мен күзетшілердің ауысым кестесі мұқият зерттелген. Соның нәтижесінде украиналық сарбаздар Ресейдің әскери нысанына байқалмай кіріп, ресейлік «ұшақтарды жойған, әрі еш кедергісіз әуежайдан шығып кеткен.

Айта кетейік, 18 желтоқсанға қараған түні Украина Қауіпсіздік қызметінің (СБУ) дрондары Қырымдағы аэродромға соққы беріп, жүздеген миллион долларлық техника жойылғаны хабарланған. Ал 22 желтоқсан түні Краснодар өлкесінде кезекті дрондар шабуылы салдарынан екі ресейлік кеме мен газ құбыры зақымданғаны хабарланды.