Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:15

Украина Ресейге жер бермейді —Ермак

Украина
Фото: БАҚ

Украина Ресеймен жүргізілетін кезекті келіссөздер кезеңінде ең даулы мәселенің — территориядан бас тарту талабына қатысты өзінің бұлжымас позициясын жариялады.

 Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленскийдің бас келіссөз жүргізушісі, президент әкімшілігінің жетекшісі Андрей Ермак айтты, деп хабарлады The Atlantic басылымы.

Ресей аннексиялаған аумақ — Киев үшін талқылауға жатпайтын мәселе

Ермактың айтуынша, Зеленский билікте тұрған кезде Украина Ресейге ешқандай жерін бермейді.

«Бүгінде ақылы бар адам территориядан бас тартатын құжатқа қол қоймайды. Зеленский президент болғанда Украина ешқашан жерін бермейді», — деді Ермак.

Оның сөзінше, Украина Конституциясы ел аумағын бөлуге немесе беруіне тыйым салады. Сондықтан территориядае бас тарту  — заңсыз ғана емес, украин қоғамының еркіне қарсы әрекет.

Ресейдің талаптары және аннексияны заңдастыру талпынысы

The Atlantic жазғандай, Ресей 2014 жылы Қырымды басып алғаннан кейін, 2022 жылы Украина аумағының қосымша 15 пайызын — Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарын — «Ресей құрамына кіреді» деп жариялады. Кремль бұған арнайы референдум ұйымдастырып, аннексияны заңдастыруға тырысқан.

Украина бұл референдумдарды заңсыз және оккупация жағдайында өткен деп мойындамайды.

Келіссөздердегі ең күрделі түйін — территория

Ермактың айтуынша, алда болатын келіссөздер кезеңінде Украина өз шартын алғаш рет нақты айқындап отыр. Бұл — соғыстағы екі тараптың бақылауындағы аумақтың шекарасын дәл анықтау қажеттігі.

 «Қазір талқылай алатын жалғыз нәрсе — шекара шебін нақты белгілеу», - деді ол.

Алайда Ресей өз талаптарынан — Украинаның түпкілікті территориясынан бас тартпай отыр. Ресей әскері бақылай алмайтын аймақтарды да өзінің «жері» деп жариялауды жалғастыруда. Сондықтан тараптардың позициясы әлі де бір-біріне мүлде қарсы.

Мәскеудің райынан қайтпауына байланысты бітімге келу қиындап тұр

The Atlantic материалында қазіргі келіссөздер белгілі бір прогресс көрсеткенімен, территориялық мәселеде Украина мен Ресей арасында «татуластыру мүмкін емес» нәрсе бар екені айтылған.

Ермактың сөзімен айтқанда, Ресейдің талаптары келіссөз алаңын тым тарылтып, бейбіт келісімге келуді қиындатады.

Сонымен бірге Киев Мәскеудің территориялық амбициясы халықаралық құқыққа, БҰҰ қағидаларына және Украинаның егемендігіне толықтай қайшы екенін атап өтеді.

Зеленскийдің ұстанымы — жерді ешқашан бермеу

Мақала авторы Саймон Шустердің жазуынша, Зеленский соғыс басталғаннан бергі ең қатаң позициясын айқындап отыр: бейбіт келісім ешқашан территория есебінен жасалмайды.

«Зеленский президент болып тұрған кезде Украина жер саудасына бармайды», - дейді Ермак.

Киевтің бұл ұстанымы алдағы келіссөздерде басты саяси және құқықтық тірек болып қала бермек.