Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:00

Украина Татарстандағы «Шахед» дрондары қоймасына шабуыл жасағанын мәлімдеді

Дрон
Фото: Sofiia Gatilova/REUTERS

Украинаның Қауіпсіздік қызметі (СБУ) Татарстан аумағында орналасқан «Шахед» дрондарын сақтайтын қоймаға соққы жасалғанын мәлімдеді.

 Ведомствоның дерегінше, нысанда Кзыл Юл елді мекеніндегі логистикалық терминал болған. Бұл ауыл Елабуга қаласынан шамамен 30 шақырым қашықта орналасқан және дәл осы қалада ирандық үлгідегі «Шахед» дрондарын құрастыратын зауыт бар.

СБУ мәліметінше, қоймада дрондармен қатар оларға арналған шетелдік құрамдас бөлшектер де сақталған.

Украиналық Telegram-арналар, соның ішінде Exilenova+ каналы, соққының видеосын жариялады. Кадрлардан Дэн Сяопин атындағы логистикалық терминал аумағына соққы жасалғаны байқалады.

Татарстан басшысы Рустам Миннихановтың баспасөз қызметі Тукаев ауданындағы бір құрылыс нысанында үш дронның сынықтары табылғанын хабарлады. Айтылған Кзыл Юл ауылы дәл осы ауданға кіреді.