Украина – жыл мемлекеті!
Британиялық The Economist журналы Украинаны «2022 жылдың елі» деп атапты. Бұл туралы ресейлік ТАСС ақпарат агенттігі қатты жынданып, тым қынжыла, хабарлағысы келмесе де, әрең көніп, тым шағын хабар беріпті.
Тақырыбын да барынша тырысып, «The Economist журналының есі сау ма, Украинаны таңдай салғаны несі?» дегендей бірдеңені беріпті.
«Украина быт-шып боп жатыр ғой, дамыған түгі жоқ, оны неге жыл мемлекеті деп атаған?» дегендей қынжылыспен. «Ағылшындар тағы да орысты жек көруін қоймай жатыр» дегендей сарында.
Орыс пропагандасы қысқасы, қайтерін білмей жатыр. Госдума, тіптен, қуып кетті...
Шындығында, қазақ сияқты украин деген бір халық Ресей деген агрессордың басқыншылығына қарсы асқан ерлігін танып жатыр еді. Сол үшін Украина барлық баспасөзде (ресейліктен басқасында) «жыл мемлекеті» атануда. Украина өзін ғана емес, Ресейдің теперішіне ұшыраған, әлі де ұшырап келе жатқан елдер үшін соғысуда. Кремль осыны түсінбейді. Бірақ шындық түбі жарып шығады.
Шындық – Украинада. Зеленский Бахмут деген жерде отаны үшін қанын төгіп, соғысып жатқан сарбаздарының жанында жүреді. Украинаның генералдары саны жағынан басым түсетін орыс әскерін талқандаудың түрлі жолдарын тауып жатыр. Херсон түбінде Украина қарулы күштері орыс әскерін тас-талқан етті. Батыс экономистері осыны көріп, Украинаға жан-тәнімен ғашық болуда. Экономикаға да Украинаның ерлігі ұнайды. Соғыс деген – қашан да тарихи таңдау еді...
Соғысқа дейін жеткенің – адамның өз таңдауы үшін шын күресінің келгені! Не бүк, не шік бол деген сәт. Украина тірі екен, бар екен, күресем, жеңем деді. Сонысы үшін ол «Жыл мемлекеті» болды. Экономикамызға түкірдік, еліміздің 20 пайызы өртеніп-құрысын, бірақ мына пәле Путинді жеңейік деді олар. Еркіндік бәрінен де қымбат деді олар. Тәртіпті нәрсе тәртіпсіз нәрсені жеңеді түбі! Украина еркін болады.