Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 14:15

Украинада ресейлік дрон автобусқа соғылып, бірнеше адам қаза тапты

1
Фото: Telegram / dnipropetrovskaODA

23 сәуірге қараған түні Ресей қарулы күштері Днепропетровск облысындағы Марганец қаласына дронмен шабуыл жасады.

Ресейдің дронмен Украинаның Манганец қаласына жасаған шабуылы салдарынан 9 адам қаза тауып, 30 адам жараланды. Бұл туралы Днепропетровск облыстық әкімшілігінің басшысы Сергей Лисак хабарлады.

Оның айтуынша, дрон компания жұмысшылары мінген автобусқа соғылған.

Бұған  Днепропетровск облысында түнде төрт ресейлік пилотсыз ұшағы атып түсіріліп, нәтижесінде екі адам жарақат алған.

Сәуірдің 23-іне қараған түні Ресей әскерилері пилотсыз ұшақтармен Украинаның бірнеше облысына шабуыл жасады. «Суспильне» агентігінің хабарлауынша, Полтава облысында шабуыл жасалып, дрондардың бірі тұрғын үй маңына құлап, үш адам жарақат алған. Одесса облысында тұрғын үйлер мен кәсіпорында өрт шығып, екі адам зардап шекті. Киев облысының Бровары ауданындағы қонақ үй мен мейрамхана кешенінде пилотсыз ұшақтың қалдықтары құлауы салдарынан өрт шықты, бірақ ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлады Украинаның мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметі.

Ресей тарапы әзірге жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.

Тегтер: