Украинада зымырандық соққыдан қаза тапқандар саны 44-ке жетті
Украинаның мемлекеттік төтенше жағдай қызметі 8 шілдеде Ресейдің Украинаға шабуылынан қаза тапқандардың жалпы саны 44-ке жеткенін хабарлады. Ал, жараланғандар саны 196 адам болған.
Дүйсенбі, 8 шілдеде Ресейдің Украинаға жасаған жаппай шабуылы салдарынан 44 адам қаза тауып, 196 адам жараланып, 11 адам құтқарылды, делінген хабарламада.
Бұл туралы брифингте Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің баспасөз бөлімінің жетекшісі Светлана Водолага мәлім етті.
«8 шілдеде біз ресейліктердің елімізге, соның ішінде астанаға жасаған ең ауқымды шабуылдарының бірін өткердік. Киев, Днепр, Кривой Рог және Киев облысының бір бөлігі таңғы уақытта атқыланды. Өкінішке қарай, 44 адам қаза тауып, 196 адам жарақат алды, оның ішінде 10-ы бала. Құтқарушылар 11 адамды құтқарды, оның үшеуі балалар», - деді Водолага «Укринформ» агенттігіне.