Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:02

Украинадағы соғыс кезінде Ресей армиясы құрамында 143 қырғыз азаматы қаза тапқан

украина
Фото: kaktus.media

Украиналық «Хочу жить» жобасы Ресей армиясы қатарына шетел азаматтарын жалдау және олардың қаза болуы жөнінде жаңа мәлімет жариялады. Тізімге сәйкес, кем дегенде 143 Қырғызстан азаматы Украинадағы соғыста көз жұмған.

Тізім толық емес

Жобаның авторлары бұл деректер толық тізім емес екенін айтады. Ол тек аты-жөні ресейлік әскери құрылымдар арқылы расталған қаза болғандарды қамтиды. Материал – Орталық Азиядан келген мигранттарды Ресейдің соғысқа тартуы жөніндегі зерттеулердің жалғасы.

Бұған дейін зерттеушілер 687 қырғызстандық азаматтың Ресей армиясымен келісімшартқа отырғанын анықтаған еді.

Соғысқа жалдау қарқыны өсіп келеді

Деректерге қарағанда, Ресей Қырғызстандағы жалдау науқанын күшейткен.

  • 2023 жылы Ресей армиясымен келісімге отырғандар – 135 адам,

  • 2024 жылы – 326 адам,

  • 2025 жылдың сегіз айында – кем дегенде 400 адам.

Яғни, соңғы екі жылда соғысқа тартылған қырғыз азаматтарының саны үш есеге өскен.

«Арзан әскер» стратегиясы

Жобаның авторлары Ресей үшін шетел азаматтарын пайдалану экономикалық тұрғыдан тиімді екенін атап өтеді. Мұндай сарбаздарды дайындау бар болғаны екі аптаға созылады, ал олардың көпшілігі алғашқы шайқастарда-ақ қаза табады.

Көбі шабуылшы бөлімдерге жіберіледі – яғни, ең қауіпті бағыттарда, фронттың алдыңғы шебінде әрекет етеді.

Тегтер: