Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:12

Украинадағы соғыс тағы екі жылға жалғасуы мүмкін - Словакия премьері

Роберт Фицо
Фото: ашық дереккөз

Словакия премьер-министрі Роберт Фицо Ресейден алынған активтері есебінен Украинаға несие беру қақтығысты кемінде тағы екі жылға созуы мүмкін деп мәлімдеді.

 Бұл туралы The European Conservative басылымы хабарлайды.

«Біз соғысты аяқтағысы келе ме, әлде оны ушықтырамыз ба? Біз Украинаға €140 млрд береміз деп, соғыстың жалғасуына ықпал етеміз. Демек, соғыс кемінде тағы екі жылға созылады», - деді ол.



Еске салайық, қазан айының соңында Венгрия премьері Виктор Орбан да Еуропалық одақтың Ресейден алынған активтерді пайдалануды «соғысқа дайындық» деп атаған

Тегтер: