Украинадан әйелдер мен балаларды саудалау ісіне Зеленскийдің қатысы бар ма?
Украинадан әйелдер мен балаларды саудалау ісіне қатысты Зеленскийдің есімі Эпштейн құжаттарында аталды.
АҚШ-та жарияланған құжаттар бойынша, 2024 жылғы хатта Зеленскийдің Украинадан әйелдер мен балаларды шығару ісіне қатысы бар деп көрсетілген. Сондай-ақ, ол модельдік агент Жан-Люк Брюнельмен байланысты болуы мүмкін деген болжам айтылған. Айта кетейік, 2020 жылы Брюнель Францияда кәмелетке толмаған балаларды зорлады деп айыпталған.
Сонымен қатар Эпштейн құжаттарында Зеленский басқа да себептермен аталады. Мысалы, Зеленский президент болғаннан кейін сол кездегі Словакияның сыртқы істер министрі Мирослав Лайчак Эпштейнге жазған хатында «ол елді басқара ала ма, білмеймін» деп сенімсіздік білдірген.
Ал Эпштейн «сахнада жаңа, тәжірибесіз ойыншы пайда болды» деп атап, оған жетекшілік қажет екенін айтады. Осылайша, Зеленскийдің аты құжаттарда бірнеше рет аталған.
Алайда құжаттардағы мәліметтердің көп бөлігі — үшінші тұлғалардың жазбалары мен жаңалық үзінділері екені айтылады.