Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:50

«Украинаға аттап баспайды»: Зеленский Лукашенкоға қарсы санкция енгізді

Зеленский
Фото: Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский Беларусь басшысына қатысты санкциялар енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

 Құжатта 2026 жылғы 18 ақпанда қабылданған Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің «Жеке арнайы экономикалық және өзге де шектеу шараларын қолдану туралы» шешімі күшіне енетіні көрсетілген.

Құжатқа сәйкес, санкциялар Лукашенконың Украина аумағына кіруіне тыйым салуды қамтиды.

Айта кетейік, қаңтар айының соңында «Европейская правда» басылымы Киевтің Лукашенкоға қатысты қылмыстық іс қозғауды жоспарлап отырғанын хабарлаған. 

Бұған дейін Беларусь президенті украин дағдарысын реттеуге көмектесуге дайын екенін бірнеше рет айтқан.

Өткен жылдың қаңтарында ол қақтығыс аяқталғаннан кейін Киевке тек Мәскеу мен Минск көмектесетінін, ал Батысқа бұл қажет емес екенін мәлімдеген. Ал наурыз айында Лукашенко Зеленскийді бір кездері «өз ұлындай көргенін», бірақ оның «опасыздық жасағанын» айтқан.