Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:10, 24 Қазан 2024

Украинаның бұрынғы президенті Януковичтің ұлы Ресей азаматтығын алды

d
Фото: Meduza
Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің ұлы Ресей азаматтығын алды.

Бұл туралы РИА Новости агенттігі редакцияның қолындағы құжаттарға сілтеме жасап жазады. Құжаттарда Александр Януковичтің Ресейде бизнеспен айналысатыны айтылған. 10 жыл бұрын ол Санкт-Петербургте қаржылық және өндірістік топтарды басқаруға арналған компанияны тіркеген.

Александр Янукович - Еуромайдан салдарынан биліктен айырылып, Ресейге қашып кеткен Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің үлкен ұлы.

Украинада кіші Янукович бизнеспен де айналысқан. Ол әкесінің мүлкінің иесі деп аталды және оның 2013 жылғы байлығы 500 миллион долларға бағаланды.