Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:30

Украинаның экс-президенті Виктор Януковичтің серіктесін атып кетті

Андрей Портнов
Фото: iz.ru

Испанияның Посуэло-де-Аларкон қаласында Украина экс-президенті Виктор Януковичтің бұрынғы кеңесшісі Андрей Портнов қастандықпен өлтірілді.

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің экс-кеңесшісі Андрей Портнов сейсенбі, 21 мамыр күні таңертең Мадрид маңында оққа ұшты. Бұл туралы Испанияның Cadena SER радиостанциясы хабарлады.

Оқыс оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9:15 шамасында, Портнов балаларын мектепке апарған сәтте болған. Полицияға шұғыл хабарды оқиға куәгері – көшеде жатқан адамды байқап қалған өтіп бара жатқан тұрғын берген.

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің экс-кеңесшісі Андрей Портновтың өлімі ерекше жауыздықпен жасалған қылмыс деп бағалады бұрынғы премьер-министр Николай Азаров. Бұл туралы ол РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында айтты.

"Өкінішке қарай, Испаниядан бұл ақпарат расталды. Әзірге ешқандай қосымша пікір жоқ. Ең сорақысы – бұл оқиға оның баласы оқитын мектеп маңында болған", - деді Азаров.

Оның айтуынша, ол Портновты жақсы таныған. Сондай-ақ, Азаровтың мәліметінше, қастандық жасалған сәтте Портнов екінші некеде болған.

Журналист Евгений Попов Украина экс-президенті Виктор Януковичтің кеңесшісі Андрей Портновтың Испанияда өлтірілуіне қатысты өз Telegram-арнасында «мәссаған» деп қысқа ғана пікір білдірді. Ал тележүргізуші Армен Гаспарян бұл жаңалықты өзінің Telegram-арнасында эмоциялық түрде «твою маму» деген бір ауыз сөзбен түсіндірді.

Бұған дейін Киев соты Виктор Януковичті дезертирлікке үгіттегені үшін 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кескені хабарланған болатын. Сонымен қатар, ол адамдарды заңсыз түрде мемлекеттік шекарадан өткізуге кінәлі деп танылды. Тергеу мәліметінше, Янукович бірнеше ондаған адамға әскери тікұшақтар арқылы елден шығуға көмектескен.

Айта кетейік, 2019 жылдың қаңтарында Янукович Украинада мемлекеттік опасыздық пен агрессиялық соғыс жүргізуге жәрдемдесу бойынша да кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.