Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:50, 21 Тамыз 2024

Украинаның Курск облысындағы шабуылынан 30-дан астам адам қаза тапты — ТАСС

Р
Фото: Meduza
Украина қарулы күштерінің Курск облысына жасаған шабуылы салдарынан 30-дан астам адам қаза тапты. 

Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі медициналық қызметтерге сілтеме жасап жазады.

Соңғы мәліметтер бойынша, 143 адам жарақат алған. Бір күн бұрын ТАСС Украина қарулы күштерінің Ресейдің Курск облысында жүргізген операциясы нәтижесінде 17 адам қаза тауып, 140 адам жараланғанын хабарлады.

Билік 12 тамыздан бері аймақтағы бейбіт тұрғындардың құрбан болғаны туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Одан кейін Курск облысы губернаторының міндетін атқарушы Алексей Смирнов Украина қарулы күштерінің шабуылы нәтижесінде 12 адам қаза тауып, тағы 121 адам жараланғанын айтты.