Ұлыбритания Премьер-министрі АҚШ пен ЕО арасында таңдау жасауға қатысты ойын айтты
«Премьер-министр Дональд Трамп Ақ үйге оралған кезде Ұлыбритания АҚШ немесе Еуропалық Одақтың бірімен тығыз қарым-қатынасты таңдауы керек болады деген сөзді жоққа шығарды» - деп жазды BBC.
Сэр Кейр Стармер оның үкіметі АҚШ-пен серіктестіктен «ешқашан бас тартпайтынын» айтты және Еуропамен байланысты нығайтуға уәде берді.
Ол сондай-ақ әлем «қауіпті уақытты» бастан кешіріп жатқанын, тұрақтылық өсу үшін маңызды екенін және Ұлыбританияның Ресеймен қарсыласуында Украинаны қолдауды жалғастыруы керек екенін айтты.
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Еуропаға қарсы сауда соғысын бастап, Украинаға, тіпті НАТО-ға қолдауды азайтуы мүмкін деген қауесет бұрыннан айтылып жүр.
Сарапшылардың пайымдауынша, мұндай жағдайда Ұлыбритания бір тарапты ұстауға мәжбүр болады.
Өткен айда Дональд Трамптың одақтасы Ұлыбританияға АҚШ-Ұлыбританияның «ерекше қарым-қатынасы» немесе Трамп «шағын Қытай» деп атайтын ЕО-пен тығыз байланыстардың бірін таңдауы керек екенін айтты.
Стивен Мур ВВС-ге берген сұхбатында егер Ұлыбритания «экономикалық еркіндіктің америкалық үлгісіне көшетін болса... бұл Трамп әкімшілігінің Ұлыбританиямен еркін сауда туралы келісім бойынша келіссөздер жүргізуге дайындығын арттырады» - деді.
Сэр Кейрдің сөзіне тоқтала келе, Ұлыбританияның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі сэр Дэвид Мэннинг премьер-министрдің «көзқарасы дұрыс» екенін айтты, бірақ бұл «оңай» болмайтынын ескертті.
«Бұл екі полюс арасындағы біздің мүдделерімізді басқару мәселесі болады», - деді ол BBC-дің Today бағдарламасына.