Кеше, 14:09
Ұлының еміне ақша жинаған Тотақановтар отбасы 7 жылға сотталды
«Ұлымыздың еміне» деп қазақстандықтардан қаражат жинаған Тотақановтар отбасына қатысты сот үкімі жарияланды.
Ерлі-зайыптылар 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Әйел адам кішкентай баласы бар болғандықтан, жазасын өтеуді екі жылдан кейін бастайды. Ал күйеуі сот залында қамауға алынды.
Тергеу барысында олардың азаматтардың жанашырлығын пайдаланып, 1,3 млрд теңгеден астам қаражат жинағаны анықталды. Алайда баланың еміне небәрі 6,4 млн теңге ғана жұмсалған.
Қалған қаржы жеке мақсаттарға пайдаланылған: Астанада 3 пәтер, жер телімі, 5 автокөлік сатып алынған, сондай-ақ қаражаттың бір бөлігі құмар ойындарға жұмсалған.