10:09, 28 Ақпан 2024
Ұлытау облысында 3 адам иіс тиіп, көз жұмды
Ұлытау ауданында жер үйлердің бірінен пештен ыс шығып, салдарынан 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
«27 ақпан Ұлытау ауданы, Алғабас ауылдық округінің Томсықор қыстауында жеке тұрғын үйде үй иесі және оның қонақтары ер адам мен әйел адам көміртегі тотығымен уланып, қайтыс болды.
Алдын-ала болжам бойынша уланудың себебі - қатты отынмен жанатын жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу», - деп хабарлады ТЖМ.