Бүгін, 18:32
Ұлытау облысында оңалту орталығы аутист балаға қызмет көрсетуден бас тартты
Өткен жылы орталық баланы тек өз қаражатына қабылдаған.
Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, орталық науқасты жолдама бойынша қабылдаудан бас тартқан, себебі бұл қызмет олардың мемлекеттік келісімшарт аясында көрсететін қызметтер тізіміне кірмейді. Яғни, қызмет тек ақылы негізде ұсынылады.
Департамент баланың мәселесі шешілгенін жеткізді: қазір ол Жезқазғандағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығына жіберіліп, бүгіннен бастап ем қабылдады.