16:21, 21 Тамыз 2024
Ұлытауда түрмедегі адамдарға азаптау қолданған 11 қызметкер сотталды

Ұлытауда қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 11 қызметкері істі болған адамдарға азаптау қолданғаны үшін сотталды.
2024 жылғы 30 шілдесінде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 Мекемесінде жазасын өтеп жатқан 11 адамға азаптау қолдану фактісі бойынша осы мекеменің 7 және ҚР Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің 4 қызметкеріне қатысты үкім жарияланды.
Қылмыстық істі Ұлытау облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеді.
Прокурорлар сотталған 11 адамға қатысты кінәлі қызметкерлердің азаптау қолданғанын тергеумен дәлелдеді.
Сот үкімімен Мекеме бастығы мен оның режим жөніндегі орынбасарына 6 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, осы Мекеменің басқада 5 және Әскери бөлімінің 4 қызметкерлеріне 4 жыл мен 4 жарым жыл мерзімдерге бас бостандықтарынан айыру түріндегі жазалар тағайындалды, делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.