Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:05, 05 Қыркүйек 2024

Ұлытаудағы Мемлекеттік рәміздер алаңы қашан ашылады

1

Осыдан екі жыл бұрын, 2022 жылы маусымда өткен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер алаңын ашу жөнінде тапсырма берген. Ол қазақ халқының бірлігін әйгілейтін сәулетті нысан болады деп жоспарланып отыр.

Президенттің осы тапсырмасына орай Мемлекеттік рәміздер алаңын ашу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Қазір құрылыстың 85 пайызға жуығы аяқталды.

Жоспар бойынша, аталған алаңда Қазақстан тарихының әртүрлі кезеңін бейнелейтін барельефтер бой көтереді. Сондай-ақ жаяу жүргінші жолдары салынады. Нысанның жалпы аумағы үш гектар болады деп жоспарланған. Қазір нысан маңын көгалдандыру және жарық орнату жұмыстары жүріп жатыр.

Сәулетті нысқан не үшін Ұлытау өңірінде салынады? Өйткені Ұлытау – Ұлы дала тарихының куәгері, қазақ ұлтының рухани астанасы саналады. Өңірді Қазақстан жұрты қатты қастерлейді, мұнда жыл сайын қырық мыңға жуық турис келіп, киелі орындарға зиярат етеді.

Мемлекеттік рәміздер алаңы ашылған соң мұнда қонақ үй, санаторий салынып, жолдар жаңарады. Соның арқасында облысқа келетін туристер саны 2028 жылға қарай қазіргіден отыз пайыз артады деген болжам бар.