Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:50, 23 Тамыз 2024

Ұлытаудағы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне 35 мыңнан астам турист барған

ч
Фото: ҚР Үкіметі

Премьер-Министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында 2021 жылы салынған «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барды. Биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толды.

Олжас Бектенов кесене маңында орналасқан тарихи-мәдени кешеннің жай-күйімен танысты, онда Жошы хан ескерткіші, шатырлы қалашық және туристерге арналған қонақ үй бар.

Кешен Алтын Орданың 750 жылдығы аясында салынған. Нысан ашылғалы бері Қазақстанның өңірлерінен, алыс және жақын шетелдерден 35 мыңнан астам турист келген.

«Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Жошы ұлысы Қазақстанның мемлекеттігі тарихында маңызды орын алатынын атап өтті. Кешеннің маңыздылығын ескере отырып инфрақұрылымды одан әрі дамыту және туристік әлеуетті жақсарту үшін барлық шараларды қабылдау қажет», — деді Олжас Бектенов.

Тегтер: