Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:29, 16 Шілде 2020

Ұлт денсаулығы демігіп тұр, Үкімет нені жасырғысы келеді?

Қазір ел басына күн туып, қазақтың қосөкпесі қысылып тұр. Коронавируспен бірге пневмония эпидемиясы елді ентіктіріпбарады.

Деректерге жүгінсек, биыл  маусым айында пневмонияғашалдыққан 56 809 науқас тіркеліпті. Өткен жылы тура осы айда небәрі 7964пациент болған. Елде пневмониядан қайтыс болғандардың саны 1772 адамға жетті.

                                 Пневмония ма,коронавирус па?

      Қазақстандағыпневмонияға Дүниежүзілік  денсаулықсақтау ұйымы  қатты назар аудара бастады.Ұйымның төтенше жағдайлар жөніндегі директоры Майкл Райанның айтуынша,Қазақстандағы пневмонияның көбі COVID-19 ауруы болуы мүмкін. «Ел билігі соңғыжеті күнде 10 мыңнан астам адамнан COVID-19 анықталғанын айтты. Демек, елдекоронавирустың өзі қатты өршіп отыр. Біз қазір тестілеуге және оның сапасынакөңіл бөліп жатырмыз. Пневмонияға шалдыққандардың тестілері жалған теріс нәтижекөрсетуі мүмкін. Бұл рас болса, пневмонияға шалдыққандардың көбі COVID-19инфекциясын жұқтырған», – дейді Майкл Райан.

    ДДСҰ-ның Қазақстандағы індеттің өршуінебұлайша назар аударуына елдегі Қытай елшілігінің хабарламасы түрткі болды. 9шілде күні Қазақстандағы Қытай елшілігі  «ҚазақстандаCOVID-19 вирусымен салыстырғанда әлдеқайда көп адамның өліміне әкеп соғатын белгісізпневмония бар» деген ақпарат таратқан. Елшілік сайтында жарияланған бұлхабарламаны Гонконгтің South China Morning Post басылымы іліп әкетіп, әлемдікБАҚ-тың назарын аудартты. Осылайша батыс басылымдары Қазақстандағы белгісіз пневмониятуралы жарыса жазып, қызу талқылап жатыр.

      Ал бұған қатысты еліміздің денсаулықсақтау министрі Алексей Цой Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоға қоңырау шалып, елшінің бастапқы мәлімдемесіне өзгерісенгізіп, «белгісіз» сөзін алғызып тастап, тіпті  министр бұл ақпаратты «жалған» деуге дейінбарды.  Бірақ сала мамандары «қазірпневмонияның ушығатын уақыты емес, ауруды коронавирус инфекциясы қоздырып жатыр»деп отыр.

      Бұл ретте еліміздің бас санитарыАйжан Есмағамбетова былай деді:

  – Соңғыкезде пневмониямен түсетін науқастардың тесті теріс нәтиже көрсетіп жатыр.Ондай болады, себебі коронавирус инфекциясы бірінші жоғарғы тыныс алу жолдарына түседі. Одан барып төменгі тыныс алужолдарына, яғни өкпеге өтеді. Осы кезде ПТР-тест оң нәтиже көрсетпеуі мүмкін.

     Сонда бас санитардың сөзінше, коронавирусөкпеге өтіп кеткенде тестен көрсетпеуі де мүмкін. Ал ПТР-тест теріс нәтижекөрсетсе де, адам ағзасында COVID-19 болады.

                  Министрлік статистиканыжіктеуге  құмар

     Осылайша Қазақстандағы пневмонияхалықаралық деңгейде талқыланып кетті. Бұған қоса, елдегі мамандар да «бұлкоронавирустың зерттелмеген түрі» деп дабыл қаға бастады. Осыдан барып денсаулықсақтау министрлігі пневмонияны ресми түрде «ықтимал коронавирустық инфекция» депжіктеуге көшті. Мысалы,  денсаулық сақтауминистрі Алексей Цой 1-8 шілде аралығында елде 56 809 пневмония жағдайы тіркелгенін,оның 39 702 жағдайында коронавирус белгілері байқалғанын,  бірақ ПТР тест нәтижесі теріс шыққанын өзімәлімдеді. Дегенмен бұған дейін коронавирус індетінің өзін симптомды, симптомсыздеп, екіге бөліп жіктеген министрлік коронавирус белгілері байқалған пневмонияныковид статистикасына қосуға асығар емес.

      Бұған қатысты медицина ғылымыныңкандидатыҚайырғали Көнеев былай дейді:

  – Қазір жұрттың дені екі өкпенің қабынуыменауырып кетті. Негізгі статистикаға жүгінсек, елде коронавирустан қайтысболғандардан гөрі пневмониядан қайтыс болғандардың саны көп. Өз басым мұны пневмонияемес, зерттелмеген коронавирус деп толық айта аламын. Бұл пневмонияны да  «ықтимал коронавирустық инфекция» ретіндежалпы статистикаға қосу керек. Ақиқаттан қашудың керегі жоқ.

                               Тест сапасына күмәнкөп

      Мамандардыңпайымдауынша, біздегі статистиканың шатасуына ПТР-тестері сапасының төмендігіде ықпал етуде. Мысалы, қазір Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында «Олимп» және «Invivo»клиникалары  тестіні ақылы түрдеөткізуде. Оның тиімсіз екі жағы бар. Біріншіден, оның ақысы тым қымбат.Екіншіден, Қытайдан шығатын ПТР-тестіге толық сенім жоқ.

Бұғанқатысты эпидемиолог маман АйбарАйдарханов:

  – Биыл ақпан айының басында Ресей Қытайдажасалған ПТР-тест адамның бойында вирус болса да таба алмайтынын хабарлады. Ресейдегізертханалық тексерулер ауырған адамдардың 30-50 пайызын ғана растайтынынанықтады.  Наурыз айының соңында ИспанияҚытайдан сатып алынған ПТР-тестінің коронавирусты өндіруші кепілдік бергендей80 пайыз емес, 30 пайыз ғана анықтайтынын дәлелдеді. Меніңше, біздегіпневмониямен ауырғандардың да жағдайы осылай болып отыр, – дейді.

      Мамандар алға тартып отырғандай, қазірбірқатар елдер Қытайдың сапасыз тестерінен бас тартып жатыр. Ал біздіңминистрлік бұл жағын әзірге ойластырып отырған жоқ.

                        Біздің жауымыз – жалғанстатистика

      Жалпы, мамандар тәжтажалмен жағаласыпкелген пневмонияның да қатты алаңдатып отырғанын, бұл індеттің эпидемияғаайналып кеткенін жасырмау қажеттігін баса айтып отыр. Сала мамандары «үкіметстатистиканы ашып көрсетуден жалтармау қажет» дегенімен, еліміздің денсаулық сақтау министрі АлексейЦой індеттің өзімен емес, ол туралы елдің пікірімен күресугекөшкен сияқты. Министрдің ойынша, БАҚ пен әлеуметтік желілерде Covid-19 туралынегатив хабарламалар 10 пайыздан аспауы керек. «Қазір негатив ақпараттар 24пайыздан асып кетті» деген министр күні кеше жағымсыз ақпараттардың таралмауыүшін тіпті жергілікті әкімдіктерге арнайы тапсырмалар да жүктеп тастады.Министрдің осы сөзі әсер етті ме, Алматы қаласы әкімінің орынбасары СапарбекТұяқбаев «дәріханада дәрі жоқ» деп дабыл қаққандарды хайп қуғандардың қатарынақосып жіберді. Бұл ретте Тұяқбаев: «Әлеуметтік желіде біреулер хайп жасапжатыр, біз дәріні барлығына жеткізіп жатырмыз», – деп ділмарсыды. Ал,шынтуайтында, халықтың қажетті дәрісін таппай, сағаттап дәріханада кезек күтіпсандалғаны, бір жұтым ауаға зар болып қиналғаны, ауруханадан орын таппай,қапыда қыршын кеткені де баршылық.

Тақырыпқа тұздық

                  Үкімет бейқамдық танытты,зардабын халық тартты

   Біздің үкімет осы уақытқа дейінқандай жағдай болса да, мәселенің түбірін бүркеп, бетін әдемілеп жеткізуге  дағдыланып алды. Жалған статистика елдің жауыекенін мамандар қанша мәрте ескертіп, шырылдағанымен, атқарушы билік тарапынанхалыққа шынайы ақпарат жетпей қалады. Пікір білдірген экономист-ғалымЖұмаділда Баяхметовтің айтуынша, наурызайында төтенше жағдай жарияланды. Үкімет індетпен күресуге 6 трлн теңге бөлді.Ол  қосымша провизорлық орталықтар ашуға,медициналық мекемелерді даярлауға, жалпы, медицинаның әл-ауқатын арттырып алуғабөлінген.

–      Бұлай дайындалып алуға төтенше жағдайдаберілген екі ай жеткілікті болатын. 6 трлн теңге медицинаны мықтап алуғажеткілікті еді. Біздің медицина ешқандай қарусыз соғысқа енген сарбаз сияқтыболды.  Не дәрі жоқ, не дәрігержетіспеді, не маска жоқ. Масканы халық өзі тігіп киді. Дәрі жоқ болған соң,халық өзін-өзі емдеуге кірісті. Үйден емделген қаншама адам қыршын кетті.Ауруханаға барғандары да табытпен шығып жатыр. Үкімет бейқамдық танытты, оныңзардабын халық тартты. Енді келіп «бізбарлығымен қамтимыз, жеткіземіз» деп жатыр. Алдын ала неге жеткізілмеді?! Негеміндетті түрде ел дүрлігіп, есі шыққан кезде ғана үкімет қозғалады?! Негешынайы статистиканы жасырады?!

      Әу баста коронавирусты симптомды жәнесимптомсыз деп бөлгенде үкімет көрсеткішті жасырғысы келді. Бірақ бұлхалықаралық талапқа сәйкес келмейтін дүние. Әлемдік пандемия болғаннан кейінбұған халықаралық ұйымдар да назар аударып отыр. Қаншама елден гуманитарлықкөмек келді, қаншама қаржы бөлінді, мұның толық есебі берілуі керек. Қаржы жемболса, оны да айту керек. Ақиқатты жасырудың қажеті жоқ, – деп ойын түйіндеді ызағабулыққан экономист-ғалым.

 

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Тегтер: