Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:13, 06 Наурыз 2022

Ұлт қайраткерлерін ақтау жұмысы толық біткенше жалғаса бермек

None
None

Қазақ халқының егемендік алу жолында көптеген кедергілерден өткені белгілі. Әсіресе, 1921-1950 жылдар аралығы қазақ елі үшін ең қасіретті де ауыр кезең болды.

Сол уақыттарда қазақ елінің тыныштығы мен ұлттық мүдделерін сақтап, қорғау жолында Ұлт қайраткерлері жапа шегіп, қуғынға ұшырады. Халық үшін, елдің ұлттық мүддесі үшін каүрескен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бүгінгі күннің өсзекті мәселесіне айналып отыр.

Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, қуғын-сүргінге ұшырағандарды толық ақтауды қолға алды. Осы тұрғыда Елбасының Жарлығымен ең алғаш заң қабылданып, 1997 жылы 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді. Әрине, ел үшін, халықтың ынтымақтастығы мен амандығы үшін жанталасып күрескен ұлт қайраткерлерін еске алу біздің міндетіміз болып қала бермек. Себебі, ұлт қайраткерлері тоталитарлық билік өкілдерінің «халық жауы», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті жэлементтер», «буржуазияшыл ұлтшыл» деген жаласымен тұтқындалып, азап шеккен еді. Ол аздай алаш қайраткерлеріне қоса діндарларға да «басқаша ойлайтындар» деген айып тағылды. Ал сол айыпты арқалап, азап шеккен ұлт қайраткерлерін ұмытпау бүгінгі ұрпақтың басты міндеті. Сол себепті, елімізде арнайы мемлекеттік комиссия да құрылып, қуғын-сүргін құрбандарын толық әрі заңды түрде ақтап алу мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтауға қатысты Нұр-Мүбарак университетінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен арнайы конференция да өткізілді. Онда тарих ғылымдарының докторлары Мәмбет Қойгелдинов, Дархан Қыдырәлі, Талас Омарбеков пен ҰҒА академиктері қатысып, тың деректерімен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін айтқан болатын. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жасаған Үндеуіне орай өңір-өңірлерде шаралар жүргізіліп, арнайы том-том кітаптар да жарық көріп жатыр. мәселен, Сенаттың ұйымдастыруымен «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Документальная хроника» жинағының 4-5 томы жарық көрді. Бұл туралы Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп «мұндай еңбектің Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында басылып шығуының маңызы зор» дей келе, «бұл жұмыстарға отандық ғалымдар мен тарихшылар үлкен үлес қосты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ұлт тарихының жүйелі түрде зерттелуіне баса мән беріп отыр. Бүгін көпшілікке жол тартқан жаңа екі том да ашаршылық туралы тарихи құжаттарды жинау жұмыстарының жалғасы. Еңбектің 4-томында қазақ ауылдарын күштеп ұйымдастыру, тәркілеу саясатына қатысты халықтың наразылығын білдіретін маңызды материалдар жинақталған. Ал 5-томда куәгерлердің естеліктері қамтылды. Бұл томның негізін ашаршылықтың зардабын тартқан ақын-жазушылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлерінің бастан кешкен оқиғалары құрайды» дейді сенатор.

Ашаршылық демекші, тарихқа шолу жасасақ, әрі жас ұрпақтың біле жүруі үшін көп жайды қайта жаңартып, болашкөп жайды қайта жаңартып, болашаққа жеткізуіміз маңызды. Осыған орай, қуғын-сүргінге ұшыраған алаш қызметкерлері қандай қадамға барды десек, олардың бірінші тоталитарлы билікке тікелей шабуыл жасамай, астарлы түрде баспас өз арқылы халықты ақпараттандырғанын байқаймыз. Мәселен,  Мәржақып Дулатов ешкімнің атын атамай, құпия түрде сыпайы ғана: «1921 жылы Торғай, Ырғыз, Қостанай уездерiндегi Орал губерниясының бiраз  бөлiгiндегi тұрғындар аштыққа ұшырады. Мен Семейдегi «Қазақ тiлi» газетi арқылы  бiрiншi болып: қырдағы аудандардың темiр жол торабына 400–500 шақырым қашықтықта жатқандығынан да және тұрғындарды орналасқандығынан да мемлекеттiк көмектiң оларға толық жетпейтiндiгiн айтып, барлық қазақ қызметкерлерiнiң атқа мiнiп, ел аралап салауат-сауын (добровольные пожертвование) жиып, жинаған малды дала арқылы аштық жайлаған аудандарға тура айдап апарудың әлде қайда тиiмдi екендiгi туралы бастама көтердiм. Менiң бұл ұсынысымды көпшiлiк те қабыл алды, осы мәселе жөнiнде өткiзiлген мәжілiс те бұл жобаны қолдады, кейiннен губерниялық Аштарға көмек комиссиясы мен оның орталық ұйымы да қостап, iске кiрiсу туралы рұқсат бердi. Шұғыл кiрiсiп кетудiң нәтижесiнде 2-3 – айдың iшiнде 15 мың iрi қара жиналып, олар сол уақыттың iшiнде аштыққа ұшыраған аудандарға жеткiзiлiп, халыққа бөлiнiп берiлдi. Бұл салауат-сауынның жетекшiсi әрi ұйымдастырушысы ретiнде мен жаз айында Семей губерниясының үш уезiн аралап шықтым. Қырдан қайтып, Семей қаласына келген соң менi тұтқынға алды, ОГПУ-дiң Қазақстандағы  өкiлiнiң бұйрығымен Орынборға жөнелттi, бiраздан кейiн босатты»,– деп баяндаған екен. Сондай-ақ алаш қайраткерлері «Аштарға көмек комиссиясын» құрып, адамның жанын  түршiктiру үшiн емес, мұқым Қазақстан халқының басына түскен нәубәттiң сұмдығын сездiре кету үшiн Орталық комитетке қаратыла жазылған ресми құжатқа «Ит пен мысықты ұрлап, сойып – жеу, шын мәнiнде, iндетке айналды. Осынау «бiр кесiм ет үшiн» бiрiнiң жағасын бiрi жыртқандар көшеде жыртылып айырылды. Өмiрдiң өзiнен алынған шындықтың сиқы осындай; қу құлқыны үшiн, күн көруi үшiн әлгiндей бiр хайуанның соңынан бiрнеше адам жүгiрiп бара жатады. Қалайда тiрi қалудың қамын жасап, жансебiлдiкпен жанталасқан әлгi адамның өмiрге құштарлығын түсiну үшiн оның қуып жүрген хайуанды ұстаған кезiндегi қуанышын көрсеңiз ғой, аштықтың қасiреттi сайқымазағын сонда түсiнесiз. Жол жиегiнде өлiп жатқан, өлiп бара жатқан адамдарға әлгi «жансебiлердiң» өзi қарауға қорқады, өйткенi келесi сәтте оның өзi де соның кебiн құшуы мүмкiн. Иә, ол да ғажап емес… Сотта, бiрде аштық сотта тұрақты түрде адамның етiмен қоректенген үш адамның iсi қаралап жатса, келесi де адамның етiн пұттап сатқанға үкiм шығарып жаттады. Мiне, дәл осындай көрiнiстен мағлұмат берген Орал губерниясындағы Елек аудандық аштарға көмек комитетiнiң 1922 жылғы 14 қаңтарындағы есебiнде: «Кешке жақын көшеге шығу қорқынышты, адамдарды, әсiресе толық адамдарды аң сияқты аулауға шығатындар бар… Аштар өлгендердің етін жеп жатыр» деп жазған екен. Алайда алаш қайраткерлерінің бұл астыртын көмек сұрап жазған хатынан еш нәтиже болмаған еді. Осылайша, ұлт қайраткерлері жазықсыз жазаланып, халықтың аман қалғаны босып кетіп, шамасы жетпегені аштан өліп, ит-құсқа жем болған еді. Міне, елдің жайын ойлаған азаматтардың һлшеусіз еңбегі әркез халықтың жадында. Сол себепті, елімізде әлі күнге ұлт қайраткерлерін ақтау жұмысы толық біткенше жалғастырыла бермек.

Тегтер: