Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:20, 11 Қазан 2024

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде қалдырды

в
Фото: ҚР Ұлттық банк

ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде сақтайтынын мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Ұлттық банк ақпаратынша, жылдық инфляция шілдеде өскен соң тамыз, қыркүйек айларында байыппен төмендеуін жалғастырды. Айлық инфляция орташа тарихи мәндерден және көктем кезі мен жаз басында байқалған деңгейлерден жоғары қалыптасып отыр. Инфляцияның орнықты бөлігі төмендеп келеді, бірақ оның қарқыны әлі де баяу. Қыркүйек айында халықтың инфляциялық күтулері өсті. Сыртқы ортаның тәуекелдеріне әлемдік нарықтардағы азық-түлік бағасының өсуі және Ресейдегі жоғары инфляция жатады. Экономика ішіндегі проинфляциялық қысым фискалдық ынталандыру, тарифтердің өсуінің жалғасуы, орнықты ішкі сұраныс, сондай-ақ инфляциялық күтулердің артуы есебінен сақталып отыр.

Ортамерзімді перспективада инфляция бойынша 5% мақсатқа қол жеткізу ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтауды қажет етеді. 

Сондай-ақ, жылдық инфляция әлі де таргеттен едәуір алшақ, дегенмен 2024 жылғы қыркүйек айында ол 8,3%-ға дейін төмендеген. 

Тегтер: