Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% дейін төмендетті

ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлеменің жылдық пайызын 14,25%-ға дейін төмендетті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,25% дейін 25 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады, делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Биылғы мамыр және маусымда жылдық инфляция, Ұлттық Банктің болжамдары шегінде олардың орталық мәнінен төмен қалыптасып, біртіндеп төмендеп келеді.
Халықтың инфляциялық күтулері сәуірдегі жоғары мәндерден кейін төмендеді. Әлемдегі азық-түлік бағасының өсуі мен Ресейде инфляцияның жеделдеуіне байланысты сыртқы инфляциялық жағдай қолайсыздау болып отыр. Ішкі экономикада фискалдық ынталандыру мен тұтынушылық кредиттеу қолдайтын тұрақты ішкі сұраныстың, сондай-ақ жалғасып жатқан реттелетін бағалар реформасының салдарынан инфляциялық қысым \
Жылдық инфляция 2024 жылғы маусым айында 8,4%-ға дейін төмендеді және Ұлттық Банктің болжамдары шегінде олардың орталық мәнінен төмен қалыптасты.
Ұлттық банк баға өсімінің бәсеңдеу үрдісін бекіту үшін және инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа қол жеткізу үшін ақша-кредит шарттары ұзақ уақыт бойы ұстамды қатаң қалпында сақталатынын айтты.