12:57, 12 Сәуір 2024
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

ҚР Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені өзгертпейтінін мәлімдеді.
Банк мәліметінше, инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа жету үшін ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жеңілдетуге арналған кеңістік әлі де шектеулі. Оның қалыптасуы инфляцияның орнықты бөлігінің тұрақты түрде баяулауына байлынысты, делінген банк хабарламасында.
Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2024 жылғы 31 мамырда Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.