Бүгін, 18:45
Ұлттық Банк Конституцияның 30 жылдық құрметіне «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ» коллекциялық монеталарын шығарады

Ұлттық Банк Конституцияның 30 жылдық құрметіне «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ» коллекциялық монеталарын шығарады.
Не бейнеленген?
• Ел Конституциясын айқындап тұрған ашық кітап.
• Қазақстан картасы фонында «30» саны.
• Монета ортасында шаңырақ.
• Монетаның ерекшелігі - «30» санын безендіруде алтын жалату технологиясының қолданылуында.
Монетаның түрлері
• 925 сынамалы күміс, салмағы 31,1 г, номиналы 1 000 ₸, таралымы 1000 дана.
• Биколор (нибрасс/нейзильбер), салмағы 6,45 г, номиналы 100 ₸, таралымы 5 000 000 дана.
Қайдан сатып алуға болады?
• Күміс монеталарды ҚҰБ интернет-дүкенінде (сату күні сайтта жарияланады).
• Биколорлы монеталар еркін айналымда болады.