Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:12, 02 Қыркүйек 2024

Ұлттық банк теңге бағамы 1,6%-ға әлсірегенін мәлімдеді

к
Фото: nationalbank.kz

ҚР Ұлттық банкі тамыз айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 481,61 теңгеге дейін 1,6%-ға әлсірегенін мәлімдеді.

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 170 млн АҚШ долларынан 210 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 4,4 млрд АҚШ долларын құрады.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін тамызда 546 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 12%-ын және күніне 26 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтық бейтараптық қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын ұдайы және біркелкі сатуды білдіреді. Мұндай тәжірибе Ұлттық қордағы операциялардың валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді, делінген хабарламада.

Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында тамызда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы 223 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 5%-ын құрады.

Сонымен қатар,  Ұлттық Банк Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдеріне сай республикалық бюджетке трансферт бөлуге 2024 жылғы қыркүйекте Ұлттық қордан 900 млн АҚШ долларынан 1 млрд АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылуын күтеді.

2024 жылғы қыркүйекте БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін 450 млн АҚШ долларынан 550 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатып алу күтілуде.

Тегтер: