Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:00

Ұлттық банк төрағасының орынбасары неге қызметінен кетті?

Тимур Сүлейменов
Фото: akorda.kz / depositphotos

Бұл сұраққа Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жауап берді.

Оның айтуынша, Берік Шолпанқұлов қызметінен өз өтініші бойынша кеткен. Төраға бұл мәселеге қатысты басқа қосар мәлімет жоқ екенін айтты.

Сондай-ақ ол қазір 7 триллион теңгеден астам қаржының аударылуына байланысты тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін Шолпанқұлов қазақстандық банктердің бірінен 7 триллион теңгеден астам қаражат аударылғаны туралы ақпаратқа пікір білдірген еді. Сол кезде ол президент айтқан бұл сома міндетті түрде заңсыз ақша шығаруды білдірмейтінін, ол тек «жалпы қаржы айналымы» болуы мүмкін екенін айтқан.

Алайда осы мәлімдемеден кейін көп ұзамай ол қызметінен кетті.