12:00, 11 Қараша 2024
Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі есірткі тобын ұстады
Жамбыл облысында аса ірі көлемде есірткі тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобы ұсталды.
Ағымдағы жылдың қазан айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратурамен келісе отырып, мүшелері аса ірі көлемде есірткіні тасымалдады және сатты деген күдікке ілінген екі есірткі тобының әрекетінің жолын кесті.
"Рысқұлов және Мерке аудандарында 14 келіден астам гашиш пен 42 келі марихуананы өткізуге әрекеттену кезінде Қазақстанның екі азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды", - делінген хабарламада. делінген мәлімдемеде.